Иранда наразылық кезінде 139 шетелдік ұсталған

Иранның Йезд провинциясында 139 шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Reuters агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, олар елдегі бүлікке қатысы бар деп күдікке ілінген. Ұсталғандарға шеру ұйымдастырып, наразылықты үйлестірді, арандатушылыққа барды деген айып тағылып отыр. Бірақ қамауға алынғандардың қай елдің азаматтары екені айтылмаған. Еске сала кетейік, Иранда толқулар былтыр 28 желтоқсанда ұлттық валютаның күрт құлдырауынан кейін басталды. Кей дерекке қарағанда, бүлік кезінде 30 мыңдай адам көз жұмған.