Испанияда наразылық шерулері өтіп жатыр
Испанияда теміржолдағы қауіпсіздікке байланысты жаппай наразылық акциясы өтіп жатыр. Шерушілер Мадридтегі Көлік министрлігінің алдына жиналып, қауіпсіздік талаптарын күшейтуді талап етті.
Өйткені тақауда болған жол-көлік апатынан 40 адам қаза тапқан. Ендігі мәселе, наразылық шаралары теміржол қозғалысына кедергі келтіріп тұр. Әсіресе Каталония аймағында пойыздар кешігіп, кейбір бағыттарда жол қатынасы уақытша шектелді.