Әлем гуманитарлық дағдарыстың алдында тұр
2030 жылға қарай әлемде гуманитарлық дағдарыс күшеюі мүмкін.
Бұл 9 миллионнан астам адам қаза табуы мүмкін деген сөз. Сарапшылар көмек көрсетуші мемлекеттерді азық-түлік дағдарысын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Бүгінге дейін жаһандық гуманитарлық қаржыландырудың 40 пайызын АҚШ-тың ЮСЭЙД агенттігі қамтамасыз етіп келген. Енді Құрама штаттар тарапынан көмектің азаюы халықты алаңдатып отыр. Сондай-ақ Ұлыбритания, Германия және Канададағы бірқатар ұйымдар да бөлінетін қаржы көлемін қысқартпақ ниетте. Сарапшылар әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында құрбандар саны 2 миллионнан асуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.