NVIDIA OpenAI-ға $20 млрд инвестиция салады
Энвидиа ((Nvidia)) "Опэн Эй-Ай"-ға ((OpenAI)) 20 миллиард доллар инвестиция салады.
Бұл жоспар туралы компанияның бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг мәлімдеген. Аталған шешім ChatGPT өндірушінің қаржылық қажеттігінің артуымен байланысты. "Опэн Эй-Ай" өз жасанды интеллект модельдерін үйрету және пайдалану бойынша үлкен шығындарға тап болған. Бұдан бөлек технология бизнесінде Google тарапынан бәсекелестік күшейіп барады. Ол да жасанды интеллект жүйесін барынша жетілдіріп жатыр. "Опэн Эй-Ай"-ға "Энвидиа"-дан басқа Microsoft пен Amazon да ақша салуға ниетті. ChatGPT әзірлеушісі 100 миллиард долларға дейін инвестиция тартуды көздеп отыр.