АҚШ азаматтарын Ираннан кетуге шақырды
АҚШ билігі азаматтарына Иран аумағынан тез арада кетуді ескертті.
Себеп ретінде қауіпсіздік шараларын күшейту, жолдардың жабылуы мен интернеттің бұғатталуы мүмкін екені көрсетілген. Сондай-ақ парсы еліне ұшатын халықаралық рейстер тоқтап қалуы ықтимал. Көптеген әуе компаниялары қазірдің өзінде осы бағытқа ұшу кестесін қысқартып жатыр. АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалықтарды Армения немесе Түркия арқылы құрлық бетімен кетуге шақырды. Құрама Штаттар Иран жағалауларына жақын маңға әскери кемелерін әкеліп жатыр. Дональд Трамп Иранмен ядролық бағдарлама бойынша ортақ мәмілеге келе алмаса, әуе шабуылдарының болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.