АҚШ-Иран келіссөздері басталды
Оманда АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз басталды. Күн тәртібіне Тегеранның ядролық бағдарламасы мен санкцияларды біртіндеп жұмсарту мәселелері қойылған.
Ислам Республикасының делегациясын елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, ал АҚШ мәмілегерлерін Трамптың арнаулы өкілі бастап барды. Ақпарат құралдарының жазуынша, Иранның бұл кездесудегі мақсаты – әділ және өзіне тиімді келісімге келу. Алайда Вашингтон қарулану мен аймақтағы қауіпсіздік түйткілдерін де шешіп алуды қалайды. Сарапшылар бұл келіссөздерге көп нәрсе байланысты, әйтпесе 2 елдің арасында қарулы қақтығыс болу қаупі әлі де жоғары дейді.