Жапонияда қар салдарынан 42 адам көз жұмды

Жапонияда қалың қар салдарынан көз жұмғандар саны 42 адамға жетті. Тағы 440-қа жуығы ауыр жарақаттар алған.

Билік құрбандардың көбі шатырды ақ ұлпадан тазалап жүріп, құлап кеткен коммуналдық қызметкерлер мен қариялар дейді. Қолайсыз күн райынан Ниигата, Акита мен Аомори префектуралары қатты зардап шеккен. Құтқару қызметі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қарды күреуге сарбаздар да тартылды. Синоптиктердің ескертуінше, апта аяғына қарай күн бұзылуы мүмкін.