Биткоин арзандады
Биткоин 60 мың долларға дейін арзандады. Мамандар бұл кейінгі 16 айдағы ең төменгі көрсеткіш деп бағалаған.
Рейтердің мәліметі бойынша, криптовалютаның құлдырауына инвесторлардың кетуі және технологиялық компаниялар акциясының сатылуы себеп. Жалпы биткоин 1 аптада 16 пайызға, ал жыл басынан бері 27 пайызға құнсызданды. Капитализациясы бойынша екінші орында тұрған эфир де құнын жоғалтқан. Сараптамалық сервистердің бағалауынша, өткен жылдың қазанынан бері криптонарық 2 трлн долларынан айырылды.