Венесуэлада балық шаруашылығы тұралады
Венесуэланың Маракайбо көліндегі шаруашылықтар тығырыққа тірелді.
Жергілікті мамандардың айтуынша, өңірде кейінгі 20 жылда балықшылар кәсібі 90 пайызға құлдыраған. Олар бұрын 10 сағатта 100 келіден астам балық ауласа, қазір ауға 15 келісі әрең ілігеді. Су жәндіктерінің жаппай азаюына мұнай өндірісі себеп. Экология ластанған соң адамдарда су өніміне күдіктпен қарайды. Бұрын ауланған бетте сатылып кететін балықтар қазір 20 күнге дейін мұздатқышта тұрып қалады. Бұл электр қуаты мен мұздатқыштардың шығынын көбейтті. Кәсіпкерлер кейінгі 40 жылда мұндай қиыншылық көрмегендіктерін айтады.
Луис Морено, балықшы:
"Бұл елде бізден асқан бай адам жоқ болатын. Көлдің балығы өте үлкен сұранысқа ие еді. Талап әкететін. Дандайсып жүріп, сол молшылықты дұрыс пайдалана алмаған екенбіз. Енді балық мүлде азайды, әрең күнелтіп жүрміз. Мұнай өндірісінің кесірінен көл ластанды. Біз онымен күресуіміз керек".