Балалар қоспасынан 30-ға жуық сәби уланды
Нидерландта Danone компаниясы өндіретін Nutrilon маркалы сүт қоспасын тұтынғаннан кейін 30-дан астам нәрестенің жағдайы күрт нашарлаған.
Балаларда іштің ауыруы, құсу, іш өту және әлсіздік белгілері байқалды. Бірнеше нәресте ауруханаға жеткізілді. Қауіпсіздік мақсатында дүкен сөрелерінен аталған брендтің кейбір өнімдері алынып тасталды. Дәрігерлердің болжамынша, улануға өнім құрамындағы цереулид токсині себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.