Жапонияда қалың қардан 46 адам опат болды

Жапонияны қалың қар әлі әбігерге салып жатыр. 46 адам опат болған. Тағы 558 тұрғын ауыр жарақат алды. 

Зардап шеккендердің көбі шатырдағы қарды тазалап жүріп құлаған. Жағдай әсіресе елдің солтүстігінде қиын. Кей аудандарда қардың қалыңдығы адамның бойымен бірдей. Мектептер жабылып, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық көлік жұмысын уақытша тоқтатты. Мамандар Күншығыс елінде кейінгі 80 жылда мұншалықты қар жаумаған деп отыр.