Колумбияда су тасқынынан 14 адам көз жұмды

Колумбияның солтүстігінде жауын-шашын тасқынға ұласып, салдарынан 14 адам опат болды.

Тағы 120 мыңға жуық тұрғынның үйін су басқан. Қазір елде төтенше жағдай жарияланды. Апат аймақтарына әскери ұшақтар арқылы гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Десе де, ауыз су мен тұрмыстық заттар әлі де тапшы. Уақытша паналау орындары адамға лық толы. Ел президенті Густаво Петро экономикалық төтенше жағдай енгізуге әзір. Бұл шешім зардап шеккендерге жедел қаржылай көмек көрсетуге және инфрақұрылымды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ал синоптиктер өңірде құбылмалы ауа райы сақталатынын ескертеді.