Ресейде 17 жастағы студент оқ атып, бір адам қаза тапты
Ресейдің Анапа қаласындағы техникумда 17 жастағы студент оқ атты.
Атыс салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 2 кісі жараланған. Көз жұмған оқу орнының күзетшісі екен. Ол полиция шақырып, қаскүнемді ұстамақ болған. Жарақат алғандар - педагог пен студент. Кейін шабуыл жасаған адам полицияға өз еркімен берілген. Қарумен шабуыл жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.