Еуропарламент жаңа заң қабылдады
Еуропарламент климатқа қатысты жаңа заң қабылдады. Еуропа елдеріне ортақ құжат 2040-шы жылға дейінгі мақсаттарды қамтиды.
Ең бастысы, парниктік газ шығарындыларын 1990-шы жылға қарағанда 90%-ға қысқартуды көздейді. Сертификаттар 2028-ші жылдан бастап енгізіле бастайды. Кейін әр екі жыл сайын еурокомиссия бақылауында болады. Еуродепуттар түпкі мақсат алдағы 25 жылда оң нәтиже көрсету дейді. Енді заңды Еуроодақ Кеңесі ресми түрде бекітуі тиіс.