Қытай аутизмді емдейтін робот жасап шығарды
Қытайлар алғаш рет аутизмді емдейтін робот жасап шығарды.
Құлтемір адамдармен шынайы байланыс орнатып, қарым-қатынас кезінде өздерін жайлы сезінуіне ықпал ете алады. Қазір бұл роботтар науқастарды оңалтып, ұзақ мерзімді күтім жасауға қолданылып жатыр. Көрші елдің үкіметі тың жобаға ерекше мән беріп, ғылыми зерттеу жұмыстарын мемлекеттік деңгейде бақылауға алды.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Бұл робот дәрігерлердің ерекшелігі аутизмді бастапқы кезеңде анықтай алады. Бүгінде қолы жеткен оңалту орталықтары мен емханалар оның мүмкіндіктерін пайдалана бастады. Әсіресе балаларды скринингтен өткізу кезінде жиі қолданылады. Ерекшелегі ол психикадағы ауытқуды дәл көрсетеді.
Адам тәрізді робот аутисттің миындағы әлсіз сигналдарды түсіріп, оны үйлескен қозғалыстарға айналдыра алады. Яғни бағыттап отырады. Оның басқару алгоритмдері кедергілерді дер кезінде сүзгіден өткізіп ми толқындарының нақты үлгісін анықтап береді.
Чжан Чжунцзи, зерттеу тобының мүшесі:
- Ми сигналдары ұялы телефон сигналдарынан миллиондаған есе әлсіз. Оған көзді жұмып ашу, тіпті жүрек қағысы да кедергі келтіруі мүмкін. Бұл сигналдың бөлінуін қиындатады. Сондықтан біз хирургиялық жолмен емес, жоғары дәлдіктегі электроэнцефалография технологиясын қолдана отырып әлсіз сигналдарды тіркейміз.
Конг Сянцзэн, Фуцзян жасанды интеллектіні ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері:
- Мұнда мидың орнына компьютер жұмыс істейді. Технология аутизмі бар балаларға ерте скрининг жасап, олардың дұрыс қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл балалармен өзара шынайы байланыс орнатып әрі олардың түрлі әрекет ету кезінде өздерін жайлы, белсенді сезінулеріне ықпал ете алады.
Денсаулық сақтау саласының мамандары ауытқуы бар адамдар үшін ерте диагностика мен оңалту шараларын жүйелі жүргізу аса маңызды екенін айтады. Бірақ бүгінгі қолданыстағы тәсілдерде көбінесе объективті деректер қамтыла бермейді. Ал робот балалармен психикалық өзара әрекеттесу арқылы олардың зейінін түрлендіреді. Бұл диагностика нәтижесін дәлірек етіп оңалту шараларын тиімді қыла түседі дейді олар.
Конг Сянцзэн, Фуцзян жасанды интеллектіні ғылыми-зерттеу институтының қызметкері:
- Балаға белгілі бір сұрақтарға жауап беру қиын болған кезде робот оны дұрыс жауапқа икемдеп, тез бағыттай алады. Сондай-ақ ол терапевт дәрігерлерге бастапқы деректерді нақты анықтап береді. Бұл олардың ата-аналармен бірге терапияның келесі кезеңін тағайындап емдеу жоспарын айтарлықтай жеңілдетіп отыр.
Қытайда аутизм өзекті мәселе боп тұр. Бүгінде Қытай қоғамында осы диагнозбен 13 миллионға жуық адам өмір сүріп жатыр. Ел үкіметі жобаға мән беріп ерекше бақылауға алған. Ғылыми жаңалықты ұлттық деңгейдегі 11 бірдей бағдарламаға енгізіп қойды. Енді қытайлар бұл роботты аутизмді емдеуден бөлек неврология, инсульт, жұлын жарақаттары мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған науқастарды оңалту бағытында жетілдіреді.
Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын