Чехияда инфляция баяулады
Чехияда инфляция деңгейі төмендеп, он жылда ең төменгі көрсеткішке жетті. Ресми дерек бойынша, қаңтар айында жылдық инфляция 1,6 пайызды құрады.
Желтоқсан айымен салыстырғанда көрсеткіш 0,5 пайызға азайған. Сонымен қатар электр энергиясы мен жанармай бағасының арзандауы жалпы көрсеткіштің төмендеуіне ықпал етті. Алайда айлық есепте азық-түлік, сусын және темекі өнімдері біршама қымбаттаған. Қызмет көрсету саласында, тұрғын үйді жалға алу, қонақүй және коммуналдық қызметтер бағасы өсті.