Еуропа елдерінің әскери шығыны ұлғайды
Былтыр Еуропа елдерінің әскери шығындары 80%-ға артты.
Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Мюнхен қауіпсіздік конференциясында мәлімдеді. Еуроодақ қару-жарақ өндірісін ұлғайтып, мемлекеттер арасындағы бірлескен қорғаныс бағдарламасын іске қосқан. Бұл бағытқа жалпы 150 миллиард еуро бөлінді. Кәрі құрлық алдағы уақытта қорғаныс саласын күшейтуді басты басымдық санайды.
Шартқа сәйкес, мүше мемлекеттер қарулы қақтығыс туындаса, бір-біріне көмек көрсетуге міндетті.