Бейбітшілік кеңесі $5 млрд аса қаржы жинады
Газа бойынша «Бейбітшілік кеңесі» 5 млрд АҚШ долларынан астам қаржы жинады. Бұл жайлы Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, кеңес мүшелері Газа секторын гуманитарлық қолдау және қайта қалпына келтіру үшін қомақты қаражат бөлуге міндеттеме алған. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық тұрақтандыру күштері мен жергілікті полиция құрамына мыңдаған қызметкер тарту мәселесі де күн тәртібіне енген. Ақ үй басшысы бұл процестің негізгі шарты ХАМАС ұйымының толық әрі жедел қарусыздануы екенін атап өтті. Трамп Бейбітшілік кеңесін алдағы уақытта тек Газа емес, жаһандық бейбітшілікке жол ашатын ең ықпалды халықаралық құрылымға айналдыруға ниетті. Айта кетейік, Кеңестің алғашқы жиыны алдағы бейсенбіде Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтеді деп жоспарланған.