АҚШ Иранға қарсы ірі операция бастауы мүмкін

АҚШ Иранға қатысты бірнеше аптаға созылатын ірі әскери операцияға дайындық жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

Ақпарат көздері АҚШ операция кезінде Ирандағы ядролық нысандардан бөлек, мемлекеттік және қауіпсіздік мекемелерін де нысанаға алуы мүмкін деп болжайды. Ақ үй әзірге мәселені дипломатиялық жолмен шешуге басымдық берілетінін мәлімдеді. Өткен аптада АҚШ пен Иран өкілдері Оманда ядролық бағдарлама мәселесін талқылау үшін кездесіп, келіссөздерді қайта жандандыруға уағдаласты. Ресми ақпарға сәйкес, келесі кездесу 17 ақпанда Женевада өтуі мүмкін.