АҚШ-Иран келіссөзі Женевада өтеді

АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздер ертең Женевада өтеді.

Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бастап барады. Ол отырысқа дейін Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің директорымен кездесетінін мәлімдеді. Ал американдық делегация құрамында АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Виткофф пен оның күйеу баласы Джаред Кушнер болады. Кездесуге Оман араағайындық етіп отыр. Бұған дейінгі келіссөз осы елде өткен еді. Алайда ол нәтижесіз аяқталды.