Иран Ормуз бұғазын уақытша жапты
Иран Парламенті Ормуз бұғазын уақытша жапты.
Бұл шешім аймақта әскери жаттығулар өткізілуіне байланысты қабылданған. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, маневрлерді Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері ұйымдастырған. Жаттығу кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, теңіздегі қозғалыс бірнеше сағатқа шектелді. Иран билігі бұл әрекет аймақтық қауіпсіздікке дайындықты пысықтау мақсатында жүргізілгенін мәлімдеді. Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалында стратегиялық маңызға ие. Мұнда жасалған кез келген әскери қадам халықаралық деңгейде жіті бақылауға алынады. Сарапшылар күніне осы бағыт арқылы 20 млн баррель қара алтын тасымалданатынын айтады. Яғни нарық күніне Парсы шығанағы мен Ираннан келетін 5 млн баррель мұнайдан айырылады. Салдарынан мұнай бағасы одан әрі шарықтауы мүмкін.