Көлік алпауыттары $65 млрд шығынға батты
Әлемдегі ірі автоконцерндер электромобиль өндірісіне көшу кезінде миллиардтаған шығынға батты.
Бұл туралы Financial Times жазды. Басылым дерегінше, былтыр шығын көлемі 65 миллиард долларға жеткен. Стеллантис ((Stellantis)) компаниясы 22 миллиард доллар, ал Ford Motor бірлестігі 20 миллиард доллар жоғалтқан. Нарықтағы сұраныстың баяу өсуіне байланысты Volkswagen, Volvo секілді бірлестіктер де электромобиль өндірісін қысқартуға мәжбүр болды. Сарапшылар бұған басты себеп - көлік бағасының өсуі мен қуаттау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі дейді. Салдарынан кей компаниялар бензин және дизельді қозғалтқышпен жүретін дәстүрлі модельдерге қайта басымдық бере бастаған.