Женевада Украина бойынша келіссөздер аяқталды
Женевада Украина, АҚШ және Ресей арасындағы үшжақты келіссөздер аяқталды. Екінші күнгі талқы 6 сағатқа созылған.
Ресей делегациясын бастап барған Владимир Мединский «кездесу ауыр болғанын, бірақ іскерлік сипатта өткенін» жеткізді. Оның айтуынша, тақауда жаңа кезең болуы мүмкін. Украина тарапына жетекшілік еткен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров келіссөзде алға ілгерілеу бар, бірақ егжей-тегжейін жариялауға әлі ерте деді. Өйткені белгілі бір мәмілеге келу үдерісін аяқтау үшін негізгі ережелерді айқындай түсу қажет.