Мексикада ауа сапасы көңіл көншітпей тұр
Мексика астанасында ауаның ластануына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала аспанын тұманға ұқсас шаң басты.
Биліктің мәліметінше, ауадағы зиянды қалдықтар мөлшері қауіпті деңгейге дейін көтерілген. Салдарынан бас ауырып, әлсіздікке шағымданған тұрғындар көбейген. Мамандар ауаның нашарлауын көлік, құрылыс жұмыстарынан бөлінетін зиянды шығарындылармен байланыстырады. Шаһар билігі ахуалға байланысты тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, жұмысты қашықтан істеп, көлікт аз пайдалануға шақырды.