АҚШ Мексикаға тарифтерді арттыруы мүмкін

Мигрантардың ағыла бастауы Дональд Трамптың ашуын туғызды. Енді АҚШ Мексикаға енгізген кедендік баж салығын екі есе арттыруы мүмкін. Ақ үй басшысы осылай деп мәлімдеді.

Трамп АҚШ аумағына бірде-бір мигрант кіргізбейтінін кесіп айтты. Бұған дейін Мексиканың оңтүстігіндегі Тапачула қаласынан да 1 жарым мыңға жуық мигрант солтүстікке қарай жолға шыққан еді. Олардың басым бөлігі – Орталық Америка елдерінің азаматтары. Мексика президентінің айтуынша, Трамптың екінші президенттік қызметі барысында мигранттардан құралған бірде-бір керуен АҚШ шекарасына жетпеген.

Сондай-ақ оқыңыз: