Ұлыбританияда әлеуметтік желіге бақылау күшейеді
Қолданушылар, оның ішінде әйел адамдар тарапынан «мені мазақтады, кемсітті» деген шағым түссе, әлеуметтік медиаға жауаптылар аталған контентті 48 сағат ішінде өшіруге міндеттеледі.
The Guardian басылымы үкімет тиісті өзгертулер енгізіп, жаңа заң жобасын парламент қарауына тапсырды деп жазған. Жаңа талапты ескермеген әлеуметтік желі компанияларына олардың әлемдік жылдық табысынан 10 пайыз сомаға дейін айыппұл салынбақ.
Осылайша, Британия билігі жеке суреттері мен мәліметтері желіде жарияланып, ар-намысына нұқсан келген қыздар мен әйелдердің құқығын қорғауды күшейтуді қолға алды. Сарапшылар «мұндай қадам жасанды интеллект әдепсіз суреттерді лезде жасай алатын қазіргі кезеңде өте өзекті» деген баға береді.