Германия әлеуметтік желіні шектеуі мүмкін
Германия канцлері Фридрих Мерц кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерді шектеу бастамасын қолдады.
Аталған мәселе 20-21 ақпанда Штутгартта өтетін Христиан-демократиялық одақ партиясының съезінде талқыланбақ. Бұл туралы Deutsche Welle ақпарат агенттігі хабарлады. Канцлердің айтуынша, балаларды интернеттегі қауіптен қорғау мемлекеттің басты міндеттінің бірі. Ол 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қосымша шектеу енгізу туралы ұсынысты қолдап отыр. Былтыр осындай заң Австралияда қабылданған. Ұлыбритания, Франция, Испания, Грекия, Дания және Үндістан да ұқсас шараларды қарастырып жатыр.