Куба медицинасы ақсап тұр
Кубаның денсаулық сақтау саласы дағдарыс алдында тұр. Ресми ақпар бойынша, қазір шамамен онкологиялық ауруға шалдыққан 30 мың науқас емге мұқтаж. Сондай-ақ жанармай тапшы.
Салдарынан ауыр халдегі науқастарды тасымалдау қиынға соқты. Сорақысы сол, ауруханаларда электр қуаты да жоқ. Өткен айдың соңында Дональд Трамп бұл елге жанармай жеткізетін кез келген елге қарсы санкция енгізуі мүмкін екенін ескерткен еді. Кейін ел аумағында бүкіл жанармай құю бекеттері жұмысын тоқтатты. Балама ретінде Куба тұрғындары жаппай күн панелдері сияқты баламалы энергия көздеріне көшіп жатыр.