Мадагаскарда тасқыннан 60 адам қаза тапты
Мадагаскарда «Гезани» циклоны кезінде 60 адам опат болды. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, 270 мыңға жуық адам зардап шеккен. 16 мың тұрғын баспанасын тастап кетті. Сарапшылар циклонның эпицентрінде желдің жылдамдығы 270 км/сағатқа дейін жеткенін айтады. Әсіресе жағалаудағы Туамасина қаласын ойсыратып кеткен. Мектеп, үйлер басқа нысандар қираған. Тұрғындар жарықсыз отыр.