Альпі шыңынан шаңғышының сүйегі табылды
Қысқы спорт түрлерінің қауіпті екенін де ескерген жөн. Италиядағы Альпі тауларынан шаңғышының сүйегі табылды.
Құтқарушылар мәйітті үш мың метр биіктен тікұшақпен алып түсті. Альпі құтқару қызметінің мәліметіне қарағанда, осы ақпан айы басталғалы тауға кеткен 13 адам кері қайтпаған. Олардың ішінде шаңғышылар, альпинистер және туристер бар. 10 адам қар көшкіні кезінде опат болған.