Пәкістан Ауғанстанға әскери соққы жасады
Пәкістан Ауғанстанға қайта соққы жасады. Бұл жолы «Фитна әл-Хаваридж» және «Ислам мемлекеті» тыйым салынған ұйымдарының жаттығу базалары мен үйлестіру штабтары шабуылға ұшыраған.
Әуе соққылары салдарынан 80 содыр қаза тапты. Жалпы алғанда үш провинциядағы жеті лагерьде жарылыс болды. Арнайы операция Исламабадтағы мешітте болған терактіге жауап ретінде жүргізілген. Ол кезде 38 адам қаза тауып, тағы 160-тан астамы жараланған еді. Ресми Кабул бұл шабуылдарды айыптап, оны арандатушылық әрі елдің аумақтық тұтастығын бұзу әрекеті деп атады.