Чад пен Судан арасындағы шекара жабылды
Чад үкіметі Суданмен шығыс шекарасын жапты.
Бұған Солтүстік және Батыс Дарфур штаттарында соғыстың күшеюі себеп. Аймақта елдің әскери үкіметіндегі екі негізгі күш — Суданның тұрақты армиясы мен Жедел әрекет күштері арасында азаматтық соғыс жүріп жатыр. Жағдай мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін шиеленісіп, үш жылдан бері жалғасып келеді. Таяуда Жедел әрекет күштерінің жасақтары чад армиясының лагеріне шабуыл жасап, салдарынан бес әскери қызметкер қаза тапқан еді. Айта кетейік, дәл осындай шабуыл бір ай бұрын да болған.