Исламдық қаржыландырудың беделі артып барады

Әлемдік нарықта ислам қаржы жүйесінің беделі артып келеді.

2024 жылы табыс 21% -ға өсіп, 5,98 триллион долларға жеткен еді. Қаржылық ұйым осы қарқынды сақтап тұрса 3 жылда табысын  екі есе арттырады.

Бір қызығы, қазір мұсылман елдері тұрмақ, Батыс мемлекеттері де де ислам қаржысына бет бұрып жатыр. Бұның сыры неде? 

Батыс елдері ислам қаржысына бет бұрды 

Ислам қаржысы әлемнің 80-нен астам елінде айналымда жүр. Мұсылман елдерінің ішінде Малайзия, Сауд Арабиясы, Индонезия, Бірікккен Араб әмірліктері және Иран жетекші елдер саналады. Мамандар, саланың болашағы трансшекаралық ынтымақтастық, инновация және стратегиялық бастамалармен айқындалатынын айтады.

ЦИТАТА

- Әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан, ислам қаржы индустриясы айтарлықтай тұрақтылық көрсетіп келеді. Болжам бойынша, 2029 жылға қарай жаһандық ислам қаржы активтері жылына орта есеппен 10% өсіп, 9,7 триллион АҚШ долларына жетеді. Бұл сектордың тұрақты экономикалық өсім мен қаржылық қолжетімділікті ілгерілетудегі шешуші рөлін айқындайды.

Мұстафа Әділ, Лондондағы LSEG компаниясының ислам қаржысы бөлімінің жетекшісі:

Исламдық қаржы жүйесі Еуропа мен Америкада да тиімді нарықтық құралға айналған. Батыстағы ің ірі исламдық қаржы орталығы Ұлыбританияда. Бұл елде 5 ислам банкі жұмыс істеп тұр. Ал еуроаймақта Люксембург ислам облигацияларын шығарған алғашқы ел. 2004 жылдан бері Германияда бұл жүйені іске қосқан. Сондай-ақ Еуропадағы мұсылман халқы ең көп шоғырланған Францияда исламдық қаржы жүйесі белсенді дамып келе жатқан салалардың бірі. 

2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін ислам қаржысының маңызы артқан. Пайыз бен өсімге негізделген батыс үлгісіндегі банктерге қарағанда қатері мейлінше аз банкинг ретінде тартымды. Сарапшылардың айтуынша, қаржыландырудың бұл түрі кедейлікпен күрес және әлеуметтің әл-ауқатын жақсартудың тиімді құралына айналған. 

Фариза Жанғанаева