Швеция аралдарын туристерге тегін таратып жатыр

Швеция билігі туристерге аралдарын тегін таратып жатыр.

Туристік акция аясында бес арал бір жылға ақысыз беріледі. Жобаға 18 жастан асқан кез келген мемлекеттің азаматы қатыса алады. Олар арнайы бейнежазба түсіріп, қазылар алқасына "архипелаг қорғаны" атағына не себепті лайық екенін түсіндіру қажет. Бір ескеретіні, байқауға миллиардерлердің қатысуына тыйым салынған. Ерекше бастаманы экотуризмді дамыту және Швецияның табиғи мұрасына назар аудару мақсатында елдің ұлттық туроператоры іске асырып жатыр. Айта кету керек, Швеция әлем бойынша ең көп аралға ие мемлекет. Мұнда 267 мыңнан астам арал бар.