АҚШ-та жеті мыңнан астам әуе рейсі кешікті
АҚШ-тың солтүстік-шығысында боран әлі әлек салып тұр.
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жел соғып тұр. Өңірде қардың қалыңдығы 76 сантиметрден асады. Қолайсыз күн райынан Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерлері, жолдар мен мектептер жабылып, пойыздар тоқтады. Сондай-ақ кейінге шегерілген әуе рейстерінің саны 7400-ге жеткен. 608 мыңнан астам үй мен мекеме жарықсыз қалды. 7 штат аумағында төтенше жағдай жарияланды.