Венесуэлада екі мыңнан астам саяси тұтқын босатылды
Венесуэлада 2 мыңнан астам саяси тұтқын босатылды.
Оларға рақымшылық жасалды. Мұны арнайы құрылған комиссия басшысы Хорхе Арреаса мәлімдеді. Кейінгі 10 жылда наразылық шаралары мен тәртіпсіздіктерге қатысқандарға рақымшылық жасалған. Аталған заң таяуда қабылданған еді.