Трамп барлық елге баж салығын көтерді  

Осының алдында АҚШ-тың Жоғарғы соты Ақ үй басшысы тарифтерді көтеру арқылы өз өкілеттігін асыра пайдаланды деп таныған еді. 

Десе де Трамп 1974 жылғы Сауда туралы заңның Конгрестің мақұлдауынсыз арттыруға болады деген бабына сүйеніп, салықты 10 пайызға өсірді. Трамптың жарлығы бүгін күшіне енді және 150 күн бойы сақталады. Алайда жаңа салық энергетикалық ресурстар, дәрі-дәрмек, тыңайтқыш және кейбір металдар сияқты маңызды өнімдерге салынбайды.