Флориданың оңтүстігінде қорықты өрт шалды

АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстігіндегі ірі қорық аумағында алапат өрт болып жатыр. Қысқа уақытта тілсіз жау 10 мың гектар жерді жалмап үлгерген.

Мұхит және ауа қабатын зерттеу ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, жалыннан тараған түтін ғарыштағы жерсеріктен түсірілген бейнежазбадан да көрініп тұр. Өртті сөндіруге күшті жел кедергі келтіруде. Штаттың кейбір округінде от жағуға тыйым салынды. Тілсіз жау «Аллигатор-Аллей» деген атаумен белгілі штатаралық ірі тас жолдарға жақындап келеді. Синоптиктер алда құрғақ ауа сақталып, жалын одан әрі тарала беруі мүмкін деп ескертіп отыр.