Оңтүстік Кореяда бала туу деңгейі артты
Оңтүстік Корея демографиялық дағдарысты еңсере бастады.
Жергілікті Статистика министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр бала туу коэффициенті алдыңғы жылғы 0,75 деңгейінен 0,80-ге дейін көтерілген. Тіпті елдегі әдетте ең төмен болып келетін Сеулдың өзіндегі өсім 9 пайызға жоғарылады. Мамандар оң өзгеріске мемлекет тарапынан жасалған қолдау және коронавирус індетінен кейінгі қалпына келу шаралары әсер етті деп есептейді. Жалпы үкімет кейінгі 20 жылда отбасыларға көмек ретінде жүздеген миллиард доллар бөлген. Бұл қатарға ақшалай мол сыйақы, тұрғын үйді жеңілдікпен беру және бала күтіміне арналған демалыс мерзімін ұзарту жатады.