Reuters: Қытай Иранға зымыран жеткізуі мүмкін

Қытай Иранға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізуі мүмкін.

 Бұл туралы Rейтер ((Reuters)) агенттігі хабарлады. Басылым деректеріне сүйенсек, тараптар ірі теңіз нысандарын, соның ішінде ұшақ тасымалдағыш кемелерге соққы жасауға қабілетті қару-жарақтарды сату мәселесін талқылап жатыр. Сарапшылар бұл мәміле американдықтардың Таяу Шығыста әскери-теңіз күштерін орналастыруы аясында Иранның қорғаныс қабілетін едәуір арттыратынын айтады. Ал Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің келесі раунды ертең Женевада өтеді.