Оңтүстік Суданда 14 млн адам босып кетті

Оңтүстік Судандағы гуманитарлық дағдырыс күшейіп барады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, үшінші жылға созылған соғыстан 21,2 миллион адам аштық алдында отыр. Бұл – халықтың 41 пайызы. 14 миллион тұрғын үй жайын тастап, бас сауғалап кеткен.

Біріккен ұлттар ұйымы бұл жағдайды әлемдегі ең ірі көші-қон және аштық дағдарысына әкелген қақтығыс деп сипаттады. Ұйымның Қауіпсіздік кеңесі Дарфур және Кордофан штаттарындағы зорлық-зомбылықтың ушығуына байланысты алауңдаушылық білдіріп, әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды. Өйткені шабуылдардың басым бөлігі бейбіт тұрғындарға, азаматтық нысандарға, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне қарсы жасалған. Әсіресе дрон шабуылдары күрт көбейген. Судан дәрігерлер желісі таратқан мәліметке сәйкес, кейінгі шабуыл салдарынан 28 адам қаза тауып, 39 адам жараланған.