Сирияда босқындар лагерьден қашпақ болған

Сирияның солтүстік-шығысындағы Әл-Хол лагерінен қашпақ болған мыңдаған адам ұсталды. Олар «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысы бар деген күдікке ілінді.

Ресми дерекке сүйенсек, 133 қылмыстық әрекет тіркелген. Бұл лагерь Ирак шекарасына жақын орналасқан. Қазір шамамен 23 мың 500 адам тұрады. Олардың 70 пайызы балалар, әйелдер және қарттар. Бұдан бөлек 44 елдің 6,5 мыңдай азаматы бар. 2019 жылы бұл жерде шамамен 73 мың босқын болған. Содан бері кей мемлекеттер өз азаматтарын қайтарып, олардың саны азайды. Бірақ лагерь тұрғындары ресми түрде тұтқын деп танылып, қатаң күзетіледі.