Сирияда тасқын 5 адамның өмірін қиды

Сирияның шығысындағы Дейр-әз-Зор провинциясында тасқыннан 5 адам ажал құшты. Жол полицейлерінің өзі көмекке мұқтаж болып қалды. «Рейтер» жариялаған мына бейнежазбада көлігін су шайып кеткен 2 тәртіп сақшысы дер кезінде келген тікұшақтың арқасында аман қалған. 

Елдің Төтенше жағдай министрлігінің мәліметі бойынша, құрбандар арасында 4 бала бар. Тағы 5 тұрғын жоғалып кетті. Табиғи апат жайлаған аймақта телекоммуникация мен интернет байланысы үзілген. Жүздеген адам Сирияның солтүстігіндегі уақытша паналау лагеріне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыз: