Ресей Украинаға 1 мың тұтқынның мәйітін тапсырды

Ресей Украинаға қаза тапқан 1 мың әскери тұтқынның мәйітін тапсырды. Бұл туралы президенттің көмекшісі Владимир Мединский хабарлады.

Киев 35 ресейлік сарбаздың денесін қайтарды. Бұл шара былтыр маусым айында Ыстамбұлдағы келісім аясында өтті. Осыдан бір апта бұрын Женевада үшжақты кездесу өткен еді. Екі күн бойы Киев, Мәскеу және Вашингтон өкілдері атысты тоқтату тетіктері, қауіпсіздік кепілдіктері мен аумақтық дау мәселелерін талқылады. Алайда тараптар нақты бір нәтижеге келе алмады. Келіссөздің жаңа раунды наурыздың бірінші жартысында жалғасады.