АҚШ-тың ірі әскери кемесі Израильге жақындады
АҚШ-тың "Джеральд Форд" атты алып әскери кемесі Израильге жақындады.
"Рейтердің" харбалауынша, ол Хайфа теңіз айлағына тоқтайды. АҚШ ол арқылы аймақтағы қауіп-қатерге қарсы тұрып, өз әскери-теңіз күштерін нығайтпақшы. "Джеральд Форд" әскери ұшақтарды тасымалдайтын әлемдегі ең ірі және ең қымбат әскери кеме. Онда 5 мыңнан астам сарбаз, 90 атқыш ұшақ, 50 тікұшақ, көптеген дрон, зениттік зымырандар мен қондырғылар сыяды. Ол әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен АҚШ-тың 38-президентінің құрметіне Джеральд Форд деп аталады.