Өзбекстанда 62 бүлдіршін астан ұшынып қалды
Ферғана қаласында үш бірдей мемлекеттік балабақшада астан уланған 62 бүлдіршін ауруханаға түсті.
Ата-аналарының айтуынша, үйге келгенде балалардың денсаулық жағдайлары күрт нашарлаған. Бүлдіршіндерден іш ауыру, диарея және жүрек айну сияқты белгілер байқалған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін науқастарға «Алиментарлы этиологияның жедел диареясы» диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта 62 бала ем алып жатыр, олардың денсаулығы қалыпты. Санитарлық-эпидемиологиялық денсаулық сақтау басқармасының мамандары балабақшалардың асханаларына және тамақ жеткізетін кәсіпорындарға тексеріс бастады. Еске салайық былтыр қыркүйекте Өзбекстан балабақшаларында 2 мыңға жуық бүлдіршін астан уланып, олардың 960-тан астамы ауруханаға жатқызылған еді.