Канада мен Қытай азаматтарын Ираннан кетуге шақырды

Канада мен Қытай өз азаматтарын аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ираннан кетуге шақырды.

Бұған дейін Швеция, Германия және Польша да осындай үндеу жасаған. АҚШ пен Ислам республикасы арасындағы шиеленіс ушығып барады. Қос тарап жақында Женевада тағы келіссөз өткізді. Вашингтон мен Тегеран екі жақты диалогта ілгерілеу барын мәлімдегенімен әлі мәмілеге келе алмай отыр. Келесі кездесу алдағы аптаға жоспарланған. АҚШ Ираннан уран байытуды толығымен тоқтатуды талап етіп отыр. Бірақ Тегеран бұған үзілді-кесілді қарсы.