Бразилияда лай көшкінінен көз жұмғандар саны 59 адамға жетті
Бразилияда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 59 адамға жетті.
Тағы 15-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді. Құрбандардың көбі Жуис-ди-Фора қаласының тұрғындары. Тасқын мен лай көшкіні 5 мыңнан астам адамды баспанасынан айырды. Жолдарды су шайып, көпірлер қирап қалды. Зардап шеккен аймақтарға тез арада гуманитарлық көмек көрсету үшін төтенше жағдай енгізілді. Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Операцияға ауыр техника мен иісшіл иттер тартылған.