Иран Израиль мен АҚШ базасына соққы жасады

Иран Израильге және АҚШ-тың төрт негізгі базасына қарсы соққы жасады.

Ислам төңкерісі сақшылары корпусы АҚШ әскери базаларын қуатты зымыранмен атқылаған. Иран шабуыл нысаны ретінде Қатардағы Аль-Адид әуе базасын, Кувейттегі Ас-Салем , Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Аль-Зафра және Бахрейндегі АҚШ-тың бесінші базасын көздеп отыр. Бұдан бөлек Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасы да қауіпке ұшырауы мүмкін. Өз кезегінде Израиль әуе кеңістігін жапты. Мұндай шешімді Иран мен Ирак та қабылдады. Ал Рейтер ((Reuters)) агенттігінің хабарлауынша, Израиль Иран президенті Масуд Пезешкянды жоюға әрекет жасаған. Сондай-ақ агенттік дерегінше, Иранның жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеи астанадан қауіпсіз жерге көшірілген.