БҰҰ АҚШ-тың әрекетін қатаң айыптады
Таяу Шығыстағы шиеленіс халықаралық қауымдастықтың сынына ұшырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың әрекетін қатаң айыптады.
Сондай-ақ Тегеранның аймақтағы елдерге қарсы шабуылын олардың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атады. Бас хатшы ұйымға мүше мемлекеттердің бір-біріне қарсы күш қолдануға тыйым салатын Жарғыға сәйкес халықаралық құқықты сақтауға шақырды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы тараптарды тез арада дипломатияға оралуға үндеу жасады. Еуроодақ, Қытай, ТМД, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері дәл осындай пікір білдірді. Ал Аустралия мен Канада билігі АҚШ пен Израильдің әскери операциясын қолдайтынын жеткізді. Сөздерінше, Тегеранның ядролық қару жасау мүмкіндігі жаһандық қауіпсіздік мәселелерінде алаңдаушылық туғызады.